Еуропаға қосымша доза вакцина қамдайды

Ляйен әлеуметтік желідегі есебінен Еуропа Одағының коронавирус вакцинасы стратегиясы туралы жазды.

1575276
Еуропаға қосымша доза вакцина қамдайды

Еуропа Одағы комиссиясының төрағайымы Урсула фон дер Ляйен коронавирус вакцинасын жеткізу проблемаларына байланысты BioNTech/Pfizer компаниясының екінші тоқсанда 75 миллион доза қосымша вакцина қамдайтынын білдірді.

Урсула фон дер Ляйен әлеуметтік желідегі есебінен Еуропа Одағының коронавирус вакцинасы стратегиясы туралы жазды.  Ол Еуропалықтарға вакцина қамдау үшін дәрі компанияларымен бірге тығыз жұмыстанып жатқандарын айтты. «BioNTech/Pfizer жылдың екінші тоқсанында 75 миллион қосымша доза қамдайды және 2021 жылы 600 миллион доза тапсырады» деді ол.

Еуропа Одағының BioNTech/Pfizer компаниясымен 600 миллион, AstraZeneca компаниясымен 400 миллион, Sanofi-GSK компаниясымен 300 миллион, Johnson and Johnson компаниясымен 400 миллион, CureVac компаниясымен 405 миллион, Модерна компаниясымен 160 миллион доза үшін келісімі бар.



Ұқсас жаңалықтар