Террордан тазаланған аймақта жарылыс

Сирияда бейбіт екі тұрғын қаза тапты.

1571256
Террордан тазаланған аймақта жарылыс

Сирияның солтүстігінде оппозицияның бақылауындағы Телль-Абиад ауданында мотоциклге орналастырылған бомба жарылды. Бейбіт екі тұрғын қаза тапты.  Екі адам жарақат алды.

Оқиға болған жерде тексеру жүргізген қауіпсіздік күштері шабуылды террорлық ұйым PKK/YPG жасады деп болжап отыр.

Сирияның солтүстігіндегі Телль-Абиад аудан орталығы 2019 жылдың 13 қазан күні «Бейбітшілік бұлағы» операциясы нәтижесінде террорден тазаланған болатын.

Террорлық ұйым өзі басып алып отырған Айн Иса және Телль-Темур аймақтарынан террордан тазаланған өңірлерге шабуыл жасап отырады.



Ұқсас жаңалықтар