Мозамбиктегі дауылда 6 адам мерт болды

Мозамбикте «Элоиза» дауылы салдарынан кем дегенде 6 адам мерт болды.

1571016
Мозамбиктегі дауылда 6 адам мерт болды

Жергілікті баспасөздегі хабарға қарағанда апта аяғында жетіп келген дауылдың көбінесе елдің ортылығындағы Софала уәлаятына қатты ықпал жасағаны және 176 мың адамның дауылдан зардап шеккені білдірілді. 

Екпіні сағатына 200 шақырымға жеткен күшті жел жауын-шашын ала келді. Өңірдегі өзендер арнасынан асып, елді мекендерді шайып жатыр.

Тоқтаусыз жаңбыр салдарынан өңірде сел жүрді. Сел апатынан 5 мыңнан астам үй зақымдалды.

Зақымдалған орындар ішінде 26 медициналық орталық және 161 мектеп бар. 

 



Ұқсас жаңалықтар