Моңғолия премьер-министрі отставкаға кетті

Ухнаагийн Хүрэлсух мәлімдемесінде президент Халтмаагийн Баттулганың ереуілдерді ұйымдастырғанын алға тартты.

1569273
Моңғолия премьер-министрі отставкаға кетті

Моңғолияның премьер-министрі Ухнаагийн Хүрэлсух міндетінен отставкаға кетті.

Премьер министр Ухнаагийн Хүрэлсух үкіметтің жаңа типті коронавирус індетіне қарсы шараларын протест еткен жүздеген адам парламент ғимаратының алдында ереуіл ұйымдастыруынан бір күннен кейін отставка өтінішін және үкімет өзгерісі ұсынысын парламентке ұсынды.

Ухнаагийн Хүрэлсух мәлімдемесінде президент Халтмаагийн Баттулганың ереуілдерді ұйымдастырғанын алға тартты. 

Міндет уақыты ағымдағы жылы аяқталатын президент Халтмаагийн Баттулга мәлімдемесінде Моңғолия премьер-министрінің халықтың сенімін шайқалтатын мұндай мәлімдеме жасауын түсінбегенін білдіріп, Ухнаагийн Хүрэлсухтың ұлттық береке-бірлікті зақымдағанын және Моңғолия президентіне жала жатқанын айтты.

Протест ереуілдері жаңа босанған бір әйелдің коронавирусты жұқтырғаны анықталғаннан кейін дереу ауруханадан шығарылғанына байланысты видео интернетте жарияланғаннан кейін басталды.

Әйелге жасалған әрекетті протест ету үшін парламентке ағылған ереуілшілердің кейбіреуі ұйқы киімдерімен көшеге шықты.      



Ұқсас жаңалықтар