Оңтүстік Кореяда құс тұмауы байқалды

Сеулдің оңтүстігіндегі Ионгин қаласындағы бір тауық фермасында құс тұмауына себеп болған "H5N8" вирусының байқалғанын хабарлады.

1567841
Оңтүстік Кореяда құс тұмауы байқалды

Оңтүстік Кореядағы бір тауық фермасында жаңа бір құс тұмауы оқиғасы тіркелді.

Бұл елде қазан айынан бері тіркелген 67-ші оқиға болды. 

Yonhap-тың хабарына қарағанда Ауыл шаруашылығы, азық-түлік және таулы аймақ министрлігі астана Сеулдің оңтүстігіндегі Ионгин қаласындағы бір тауық фермасында құс тұмауына себеп болған "H5N8" вирусының байқалғанын хабарлады. 

Министрлік оқиға себепті фермадағы барлық тауықтың жойылатынын және ферманың 10 километр төңірегіндегі басқа фермаларда 30 күндік карантин жасалатынын жариялады.

Ионгин қаласы қарасты болған уәлаяттың барлық қалаларындағы фермаларда 7 күн карантин атқаруға шешім қабылдады. 



Ұқсас жаңалықтар