Трамп жаңа партия құрмақшы

Партиясының атын да ойластырып қойыпты.

1567465
Трамп жаңа партия құрмақшы

30

Америка Құрама Штаттарының президенті Дональд Трамптың соңғы кездері жаңа саяси партия құру тақырыбын талқылағаны білдірілді.

Wall Street Journal газетінің хабарына қарағанда, бүгін Ақ Үймен қоштасатын Трамп жаңа саяси партия құруға дайындалып жүр. Соңғы кезде жақындарына Трамптың осы партия туралы айтқанын білдірген дереккөздер партияның атының «Патриот» болатынын білдірді.

Америка Құрама Штаттарында Дональд Трампты жақтайтын кейбір шерушілер АҚШ Конгресіне басып кіргеннен кейін Трамп Республикашылдар партиясындағы кейбір тұлғалармен келіспей қалып еді.

Трамп 2020 жылдың 3 қараша күні болған сайлаудан жеңіліп қалып, сайлаудың кейбір қорытындыларына қарсы шыққан болатын.

Сайлаудың жеңімпазы Джо Байден бүгін жергілікті уақытпен сағат 12-де ант беріп, Америка Құрама Штаттарының жаңа президенті болады.



Ұқсас жаңалықтар