Коронавируста соңғы жағдай

Коронавирус салдарынан әлем көлемінде өлім-жітім 2 миллион 49 мың 552-ден асты.

1566396
Коронавируста соңғы жағдай

Коронавирустың жаңа түрінен қайтыс болған адам саны әлем көлемінде 2 миллион 49 мың 552-ден, расталған оқиға саны 96 миллион 14 мыңнан асты. Сауығып кеткендер саны 68 миллион 670 мыңға жетті.

Эпидемияның ошағына айналған АҚШ-та өлім-жітім 408 мың 623-тен асты. Елде вирус жұқтырған адам саны 24 миллион 636 мың болып тіркелді. АҚШ Президенті Дональд Трамп 2020 жылы наурыз айында Шенген аймағында орын алған Еуроодақ елдеріне қоса Ұлыбритания, Ирландия және Бразилиядан АҚШ-қа сапарлай келген шетел азаматтарына саяхат тыйымдарын алып тастады. АҚШ-тың жаңа президенті болып сайланған Джо Байденнің Ақ Үй мәлімдемешісі Джен Псаки болса Твиттер аккаунтынан «Денсаулық сақтау тобының кеңесіне сәйкес әкімшіліктің 26 қаңтарда бұл (саяхат) шектеулерді алып тастауға ниеті жоқ, керісінше біз Kovid-19 вирусының алдын алу үшін халықаралық саяхаттарда қоғамдық денсаулық сақтау шараларын күшейтуді жоспарлап отырмыз» деді.

Бразилияда өлім-жітім 210 мың 328-ге жетті. Вирус жұқтырғандар саны 8 миллион 512 мың болды.

Ұлыбританияда эпидемия салдарынан өлім-жітім 89 мың 860-қа, вирус жұқтырғандар саны болса 3 миллион 433 мыңға өсті.

Италияда соңғы 24 сағатта қайтыс болғандар саны 377-ге көбейіп, өлім-жітім 82 мың 554-ке жетті. Вирус жұқтырғандар саны 8 мың 825 артып, 2 миллион 380 мың 102-ге өсті.

Францияда вирус салдарынан қайтыс болғандар саны 70 мың 686, вирус жұқтырғандар саны 2 миллион 914 мың болып тіркелді.

Испанияда эпидемия салдарынан өлім-жітім 53 мың 769-ға өсті. Елде вирус жұқтырғандар саны 2 миллион 914 мыңға жетті.

Германияда эпидемия салдарынан қазірге дейін 48 мың 105 адам қаза тауып, 2 миллион 59 мың адам вирус жұқтырды.



Ұқсас жаңалықтар