Ауғанстанда қастандық

Аудан әкімі қаза тапты.

1566543
Ауғанстанда қастандық

Ауғанстанның оңтүстігіндегі Хелманд уәлаятында Вашир ауданының әкімі Мұхаммед Захир Хакяр қарулы қастандықта қаза тапты.

Уәлаят әкімі Абдул Наби Элхам баспасөзге хабарлама жариялап, Хакярдың кім екені белгісіз адамдардың қолынан қаза тапқанын білдірді. Ол шабуылдаушылардың ұсталуы үшін жұмыс басталғанын айтты.

Куәгерлер шабуылда аудан әкімімен бірге екі адамның қайтыс болғанын білдірді.

Қастандықты әлі ешкім мойындамады.



Ұқсас жаңалықтар