Венгрияда құс тұмауы байқалды

Венгрияның Бакс-Кишкин аймағындағы тауық фермасында құс тұмауы вирусы (H5N8) анықталды.

1563846
Венгрияда құс тұмауы байқалды

Венгрия Азық-түлік қауіпсіздігі офисі елде құс тұмауы себепті 101 мың тауықтың өлтірілгенін хабарлады.

Офистен жасалған мәлімдемеде Венгрияның Бакс-Кишкин аймағындағы тауық фермасында құс тұмауы вирусы (H5N8) анықталды.

Вирустың таралуын тосу мақсатымен 101 мың тауықтың жойылғанын білдірген лауазымдылар вирус анықталған ферманың 10 километр төңірегінің карантинге алынғанын, үй құстарының жабық қораларда бағылуы керектігін хабарлады.

Венгрияда 6 қаңтарда да құс тұмауы себепті 90 мың күркетауықты жоюға шешім жасалған болатын.   



Ұқсас жаңалықтар