Капитолийге басып кіргендер- жергілікті террорист

Джо Байден алдынғы күні Капитолийді басып алғандардың «жергілікті террорист» екенін айтты.

1559714
Капитолийге басып кіргендер- жергілікті террорист

Америка Құрама Штаттары президенттігіне сайланған Джо Байден алдынғы күні Капитолийді басып алғандардың «жергілікті террорист» екенін айтты.

Джо Байден Әділет министрі Мэррик Гарландты таныстыру шарасында Капитолийдің президент Трамп қолдаушылары тарапынан басып алынуына баға берді.  Ол оқиғаның Америка тарихының «ең түнек» күндерінің бірі екенін айтты. «
Олар наразылық білдіруші емес,  оларға наразылық білдіруші демеңіздер.  Олар – жергілікті террорист. Трамп бастан бері демократиялық мекемелерге жаппай шабуыл бастады» деді ол.

Сонымен қатар Конгресс басқынынан кейін отставкаларға кабинеттен де бірі қосылды.
Қатынас министрі оқиғаларға президент Дональд Трампты жауапты деп есептеп, 11 қаңтар күніне бастап міндетінен кететінін айтты.
Капитолий басқынынан кейін Ақ Үйдегі кейбір лауазым иелері отставкаларын берген болатын.
Конгрестегі оқиғаларда төрт кісі қаза тапқан болатын.  Олардың бірі 12 жылдық бұрынғы Әуе күштері әскері екені жарияланды.



Ұқсас жаңалықтар