Йеменнің Аден қаласында жарылыс болды
Жергілікті ақпарат көздері жарылыстың әскери лагерь алдындағы қоқыс контейнерінде болғанын жариялады.
Йеменнің уақытша бас қаласы Адендегі Хизам Эмни күштері тиесілі әскери лагері алдындағы қоқыс контейнерінде жарылыс болды.
Жергілікті ақпарат көздеріне қарағанда елдің оңтүстігіндегі Аден қаласында Біріккен Араб Әмірліктеріне (БАӘ) қолдау көрсеткен Оңтүстік Уақытша Кеңесіне (ОУК) қарасты Хизам Эмни күштерінің Аль-Месари әскери лагері алдында жарылыс болды.
Қоқыс контейнерінде болған жарылыстың айналада үлкен шу шығарғанына қоса жақын маңдағы мектептің қабырғаларына зақым келтіргені, қаза тапқан және зардап шеккендер болмағаны білдірілді.
Ұқсас жаңалықтар
Бельгияда Израильге қарсы бойкот акциясы
Еркін Университеті студенттері Бельгияда Израильге қарсы бойкот акциясы бастады.
Путин Қорғаныс министрін қызметінен босатты
Ресей президенті Андрей Белоусовты жаңа қорғаныс министрі ретінде ұсынды.