Малиде бір тойға жасалған шабуылда 100 кісі қаза тапты

Қала әкімі белгісіз адамдар жасаған шабуылда 100-150 кісі қаза тапқан болуы мүмкін екенін айтты.

1557952
Малиде бір тойға жасалған шабуылда 100 кісі қаза тапты

Малидің Мопти аймағында ұйымдастырылған әуе шабуылында кемінде 100 кісінің қаза тапқаны хабарланды. 

Ауылда бір той болып жатқан кезде жасалған шабуылды кімнің ұйымдастырғаны әлі анықталмады.

Малиде эфирге шығатын Studio Tamani радиосының хабарына қарағанда жексенбі күні түнде Боунти ауылына әуе шабуылы жасалғаны білдірілді. 

Аймақтың қала әкімі Адама Граиаба шабуылды кімдердің жасағаны белгісіз және қаза тапқан адам саны 100-150 арасында болуы мүмкін екенін айтты. 

Куәгерлер де ауылдағы той кезінде жасалған шабуылда көптеген адамның өлгенін баяндады.

Осы шабуылда қанша адамның жараланғаны да белгісіз.    



Ұқсас жаңалықтар