Коронавируста соңғы жағдай

Ковид-19 салдарынан өлім-жітім 1 миллион 862 мың 862-ден асты.

1557509
Коронавируста соңғы жағдай

Коронавирустың жаңа түрінен қайтыс болған адам саны әлем көлемінде 1 миллион 862 мың 862-ден, расталған оқиға саны 86 миллион 186 мыңнан асты. Сауығып кеткендер саны 61 миллион 164 мыңға жетті.

Эпидемияның ошағына айналған АҚШ-та өлім-жітім 362 мың 123-ден асты. Вирус жұқтырған адам саны болса 21 миллион 353 мың 51 болып тіркелді.

Ұлыбританияда 24 сағатта 407 адам қайтыс болып, 58 мың 784 жаңа оқиға тіркелді. Елде жалпы қайтыс болғандар саны 75 мың 431-ге жетсе, вирус жұқтырғандар саны 2 миллион 713 мың 563 болды. Елде коронавирустың жаңа түрі тез таралып оқиға саны артқан соң 3-ші рет карантин жарияланды. Премьер-министр Борис Джонсон халық үндеуінде осы түрдің 50-70 пайыз одан жұқпалы екеніне сенгенін атап көрсетті. Карантиннің келесі айдың орталарына дейін жалғасуы болжалады.

Францияда Ковид-19 эпидемиясы салдарынан 24 сағатта көз жұмған 380 адамды қосқанда, өлім-жітім 65 мың 415-ке жетті. Елде бірдей уақытта расталған оқиға саны 4 мың 22 өсіп, вирус жұқтырғандар саны 2 миллион 659 мың 750-ге жетті. Бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Ксавье Бертран вакцина егу жұмыстарының әлсіздігі және ашық болмауы себепті президент Эммануэль Макронды сынға алды.

Ковид-19 ең көп ықпал еткен елдердің бірі Италияда вирус салдарынан қазірге дейін 75 мың 680 адам қайтыс болды. Елде 2 миллион 166 адамға вирус жұқты. Италияда Ковид-19  вакцинасы егілгендер саны 150 мыңнан асты.

Эпидемияда салдарынан көз жұмғандар саны 127 мың 757-ге жеткен Мексикада 1 миллион 455 мың 219 адам вирус жұқтырды. Үкімет Оксфорд университетінің дәрі-дәрмек шығаратын компаниясы AstraZeneca-мен бірлесіп өндірген Ковид-19 вакцинасын шұғыл қолдануды мақұлдады.

Перуде Ковид-19 эпидемиясынан осы уақытқа дейін 37 мың 873 адам қайтыс болды, 1 миллион 21 мың 58 оқиға расталды. Елдегі коменданттық сағаттың аясы кеңейтілді. Осыған қарағанда вирустың таралу қаупін азайту мақсатында бүгіннен бастап елге кіретін жолаушылар 14 күн міндетті карантинге алынады.

Колумбияда осы уақытқа дейін эпидемия салдарынан 44 мың 187 адам қайтыс болды, 1 миллион 686 мың 131 оқиға анықталды. Алдын ала жарияланған коменданттық сағаттың ауқымы вирус жұқтырғандар санының бас қала Боготада көбеюіне байланысты кеңейтілді.

Богота Денсаулық сақтау хатшылығы коменданттық сағаттың 17 қаңтарға дейін жергілікті уақытпен сағат 20:00-ден 05:00 арасында іске қосылатынын хабарлады.



Ұқсас жаңалықтар