Кейбір шығыс елдеріндегі вирустың жағдайы
Үндістанда жаңа типті коронавирус індеті салдарынан қайтыс болған адам саны 149 мың 886-ға ұласты.
Әлем көлемінде коронавирус салдарынан өлім-жітім бір миллион 860 мың 840-тан асты. Вирус жұқтырғандар саны 86 миллион 118 мың, сауығып кеткендердің саны 61 миллион 76 мыңға жетті.
Үндістанда жаңа типті коронавирус індеті салдарынан қайтыс болған адам саны 149 мың 886-ға ұласты. Елде вирус жұқтырғандар саны 10 миллион 357 мың 569 болып тіркелді.
Тәжікстанда Ковид-19 салдарынан 90 кісі көз жұмды. Елде вирус жұқтырғандар саны 229 мың 763-ке жетті.
Грузияда Ковид-19 эпидемиясы салдарынан қайтыс болғандар саны 2 мың 628-ге, вирус жұқтырғандар саны да 229 мың 763-ке көбейді.
Африка құрлығында Ковид-19 салдарынан көз жұмған адам саны 68 мың 30-ға көбейді. Жалпы құрлық бойынша вирус жұқтырғандар саны 2 миллион 867 мың 78 болып тіркелді.
Оңтүстік Африкада жаңа типті коронавирус індеті салдарынан қайтыс болған адам саны 30 мың 11-ге ұласты. Мемлекетте вирус жұқтарған адам саны 1 миллион 113 мың 349-ға жетті.
Мысырда Ковид-19 салдарынан көз жұмған адам саны 7 мың 863-ке көбейсе, вирус жұқтырғандар саны 143 мың 464-ке ұласты.
Ливанда Ковид-19 салдарынан 1 мың 512 кісі көз жұмды. Елде вирус жұқтырғандар саны 192 мың 139 болып тіркелді.
Жапонияда жаңа типті коронавирус індеті салдарынан 3 мың 599 адам көз жұмды, вирус жұқтырған адам саны болса 243 мың 847-ге ұласты.
Оңтүстік Кореяда Ковид-19 эпидемиясы салдарынан қайтыс болғандар саны 7 мыңға , вирус жұқтырғандар саны да 64 мың 979-ға көбейді.
Қытайда жаңа типті коронавирус індеті салдарынан қайтыс болған адам саны 4 мың 634-ке ұласты. Елде вирус жұқтырғандар саны 87 мың 183 болып тіркелді.
Индонезияда Ковид-19 салдарынан көз жұмған адам саны 22 мың 911-ге көбейсе, вирус жұқтырғандар саны 772 мың 103-ке ұласты.