Cуданда аштық қаупі

Елге гуманитарлық көмек қажет.

1557017
Cуданда аштық қаупі

Шамамен 10 миллион тұрғыны бар Оңтүстік Суданда халықтың жартысы аштықпен бетпе-бет.

Халықаралық құтқару комитетінің Оңтүстік Судандағы директоры Каролайн Секеева коронавирус эпидемиясының өмірге жағымсыз әсер еткенін айтты. Ол «Оңтүстік Судан халқы онсыз да азық-түлік проблемасымен арпалысып отыр еді.  Қақтығыстар, экономикалық дағдарыс, жұқпалы аурулар мен табиғи апаттар жағдайды ушықтыра түсті.  Елде жеті миллион адамның алдында аштық қаупі тұр» деді.

Ел халқының жартысынан көбінің көмекке мұқтаж екенін, жағдайдың биыл да нашарлай түсетінін айтқан Секеева «Ел көлемінде 1,7 миллион адам асыра аштықпен күресуде» деді.

БҰҰ Оңтүстік Суданда қақтығыстар болып жатқан кейбір аймақтарға гуманитарлық көмек керектігін, әйтпесе аштыққа байланысты үлкен қырғын болатынын білдірді.

Азаматтық соғыс аяқталса да, кейбір аймақтарда этникалық топтар арасындағы күрес жалғасып жатыр. Экономикалық дағдарыс, эпидемия және сел тұрмысқа қатты әсер етіп отыр.



Ұқсас жаңалықтар