Үндістанда вирустан 144 мың 130 адам қайтыс болды

Әлем көлемінде коронавирус салдарынан өлім-жітім бір миллион 641 мың 780-нен асты.

1546349
Үндістанда вирустан 144 мың 130 адам қайтыс болды

Әлем көлемінде коронавирус салдарынан өлім-жітім бір миллион 641 мың 780-нен асты. Вирус жұқтырғандар саны 73 миллион 811 мың, сауығып кеткендердің саны 51 миллион 821 мыңға жетті.

Үндістанда Ковид-19 салдарынан көз жұмған адам сан 144 мың 130-ға жетті.  Елде вирус жұқтырғандар саны 9 миллион 932  мың болып тіркелді.

Қытайда эпидемиядан 4 мың 634 адам қайтыс болды. Мемлекетте вирус жұқтырғандар саны 86 мың 770-ке  жетті.

Оңтүстік Кореяда Ковид-19 эпидемиясы салдарынан қайтыс болғандар саны 612-ге,  вирус жұқтырғандар саны да 45 мың 422-ге ұласты.

Ковид-19 эпидемиясынан  Тунисте 3 мың 915 адам, Иракта 12 мың 614  адам, Оманда 1 мың 475 адам, Ливияда 1 мың 319 адам, Кувейтте 913 адам және Біріккен Араб Әмірліктерінде 622 адам қайтыс болды.

Нигерияда Ковид-19 эпидемиясы салдарынан қайтыс болғандар саны 1 мың 200-ге,  вирус жұқтырғандар саны да 74 мыңға ұласты.

Африка құрлығында вирус салдарынан қайтыс болған адам саны 57 мың 168-ге көтерілді. Құрлықта вирус жұқтырған адам саны да 2 миллион 422 мың 536 болды. Құрлықта Ковид-19 эпидемиясы салдарынан ең көп Оңтүстік Африкада қайтыс болды. Оңтүстік Африкада вирустан көз жұмған адам саны 23 мың 661-ге көтерілді. 

Ковид-19 эпидемиясынан Мысырда 6 мың 966, Мароккода болса 6 мың 711 адам қайтыс болды

 

 



Ұқсас жаңалықтар