Коронавируста соңғы жағдай

Әлем көлемінде өлім-жітім 1 миллион 641 мың 780-нен асты.

1546400
Коронавируста соңғы жағдай

Коронавирустың жаңа түрінен қайтыс болған адам саны әлем көлемінде 1 миллион 641 мың 780, расталған оқиға саны 73 миллион 811 мыңнан асты. Сауығып кеткендер саны 51 миллион 821 мыңға жетті.

АҚШ-та Ковид-19 эпидемиясынан өлім-жітім 311 мың 73-ке өсті. Елде вирус жұқтырған адам саны 17 миллион 143 мың болып тіркелді.

Италияда ковид-19 салдарынан қайтыс болған адам саны соңғы 1 тәулікте 846-ға көбейіп, 65 мың 857-ге жетті. Расталған оқиға саны 1 миллион 870 мың 576-дан асты.

Ұлыбританияда ковид-19 салдарынан өлім-жітім 64 мың 908-ге көбейді. Елде вирус жұқтырған адам саны 1 миллион 888 мың болды.

Ковид-19 салдарынан 10 мың 82 өлім-жітім және 621 мың 944 оқиға тіркелген Голландияда артып отырған оқиға саны себепті жаңа шаралар қабылданды. Қабылданған шаралар аясында 2021 жылы 19 қаңтар күніне дейін мектептер, барлық базар мен дүкендер жабық болады.

Францияда эпидемия салдарынан қайтыс болғандар саны 59 мың 72, оқиға саны 2 миллион 391 мың болды.

Ковид-19 себепті кейбір елдердегі өлім-жітімдер мынадай:

Бразилия 182 мың 854, Мексика 115 мың 99, Испания 48 мың 401, Аргентина 41 мың 204, Колумбия 39 мың 356, Перу 36 мың 817, Германия 23 мың 692, Польша 23 мың 309, Белгия 18 мың 178, Чили 15 мың 949, Украина 15 мың 480, Эквадор 13 мың 896, Канада 13 мың 698, Румыния 13 мың 659 және Голландия 10 мың 168.



Ұқсас жаңалықтар