Киркуктегі бомбалы шабуылда екі мұнай құдығында өрт шықты

ДАИШ-тік террористтер мұнай құдықтарына шабуылдады.

1545190
Киркуктегі бомбалы шабуылда екі мұнай құдығында өрт шықты

Ирактың Киркук қаласында ДАИШ террор ұйымының бомбалы шабуылында екі мұнай құдығында өрт шықты.

Киркуктегі Хуббаза мұнай орнындағы екі құдықта шыққан өрттердің бірі 5 күндік талпыныстың артынан кеше сөндірілді.

Екінші құдықтағы өртті сөндіру үшін топтар тығыз жұмыс істеуде.

Террор ұйымы ДАИШ 9 желтоқсан күні Киркук қаласындағы Хуббаза мұнай орнындағы екі құдыққа бомбалы шабуыл жасаған болатын.



Ұқсас жаңалықтар