Коронавируста соңғы жағдай

Әлем көлемінде өлім-жітім 1 миллион 588 мың 750-ден асты.

1543412
Коронавируста соңғы жағдай

Коронавирустың жаңа түрінен қайтыс болған адам саны әлем көлемінде 1 миллион 588 мың 750, расталған оқиға саны 70 миллион 735 мыңнан асты. Сауығып кеткендер саны 49 миллион 166 мыңға жетті.

АҚШ-та Ковид-19 эпидемиясынан өлім-жітім 299 мың 692-ке өсті. Елде вирус жұқтырған адам саны 16 миллион 39 мың 300 болып тіркелді.

Ұлыбританияда ковид-19 салдарынан соңғы 24 сағатта қайтыс болған 516 адамды қосқанда, өлім-жітім 63 мың 82-ге көбейді. Елде 1 тәулікте вирус жұқтырған 20 мың 964 адамды қосқанда, жалпы оқиға саны 1 миллион 787 мың 783 болды. Елде әсіресе аурудың 11-18 жас аралығында байқалғаны, ең көп Лондонда тарағаны білдірілді.

Францияда эпидемия салдарынан қайтыс болғандар саны 56 мың 940, оқиға саны 2 миллион 337 мың 966 болды.

Италияда ковид-19 салдарынан өлім-жітім 62 мың 626-ға жетті. Расталған оқиға саны 1 миллион 787 мың 147-ден асты.

Ковид-19 себепті кейбір елдердегі өлім-жітімдер мынадай:

Бразилия 179 мың 801, Испания 47 мың 344, Аргентина 40 мың 431, Колумбия 38 мың 484, Перу 36 мың 499, Польша 21 мың 630, Германия 21 мың 233, Белгия 17 мың 693, Чили 15 мың 774, Украина 14 мың 470, Эквадор 13 мың 850, Канада 13 мың 109 және Румыния 12 мың 948.



Ұқсас жаңалықтар