Ердоған мен Әлиев "Жеңіс Парады" рәсімінде

Президент Режеп Тайып Ердоған Әзербайжанның жеңістен жеңіске қол жеткізетінін айтты.

1543137
Ердоған мен Әлиев "Жеңіс Парады" рәсімінде
aliyev.jpg

Арменияның жаулауы астындағы территориялардың азат етілгеніне орай Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев, Президент Режеп Тайып Ердоған және түрік әскерлерінің де қатысуымен астана Бакудегі Азаттық алаңында "Жеңес Парады" рәсімі ұйымдастырылды. 

Рәсімге қатысу үшін кеше осы елге барған Ердоған бұл жерде сөз сөйледі. Ердоған сөзінде "Бауырым Ильхам Әлиетің данышпандық басшылығында Әзербайжан  жеңістен жеңіске қол жеткізеді. Әзербайжанның территорияларының азат етілуі күрестердің аяқталғанын білдірмейді" деді. 

"Түркия мен Әзербайжанның қарым-қатынасы өте жақсы дамуда. Біз ұлы лидер Гайдар Әлиевтің екі мемлекет бір ұлт деген мирасты жалғастырдық" деген Ердоған "Армения соғыс құқығын бұзды,  адамдық абыройды аяқ асты етті. Бұның есебін сұрау біздің борышымыз. Армян басшылары халықтың байлықтарын Әзербайжанның территорияларын жаулау үшін жұмсады. Таулы Қарабахта қырғын жасалды. Бұл көз жастардан басқа бір пайда әкелмейтінін білулері керек. Батыстық импералисттер енді оттың үстіне бензин төкпесін. Зымияндық әрекеттерден нәтиже шықпайды. Енді қарым-қатынастарды қайтадан қолға алған абзал. Армения халқы Қарабахта болғандардан сабақ алатын болса, онда аймақта жаңа бір кезеңнің бастамасы болады" деген сөздер қолданды. 

Президент Ердоған Түркия мен Әзербайжанның ынтымақтасса отырып, барлық қиыншылықтарды жеңетінін және жеңістен жеңіске қол жеткізетін баяндады. 

Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев те "Жеңіс Парады" рәсіміндегі сөзінде "Отан соғысының алғашқы уақыттында Түркияның қолдауын алдық" деді. 

Әлиев "Түркиямен болған береке-бірлігімізді халқымызға және барша әлемге көрсетудеміз" деді. 

"Армения Әзербайжан халқына қарсы соғыс қылмысы істеді. Территория тұтастығымызды соғыс майданында қайтадан жеңіп алдық" деген сөздер қолданған Әлиев "Біз Армения армиясын күйреттік. Территория тұтастығымызды соғыс арқылы қорғадық" деді. 

Әзербайжан Президенті Әлиев "Қарабах Әзербайжан территориясы болып табылады. Бүгін барша әлем Қарабахтың Әзербайжанға тән екенін көрді, Жасасын Түркия-Әзербайжан достығы" деген сөздер қолданды. 

 



Ұқсас жаңалықтар