Ресейде вирустан 44 мың 718 адам қайтыс болды

Әлем көлемінде коронавирус салдарынан өлім-жітім бір миллион 563 мыңнан асты.

1542129
Ресейде вирустан 44 мың 718 адам қайтыс болды

Әлем көлемінде коронавирус салдарынан өлім-жітім бір миллион 566 мың 800-ден асты. Вирус жұқтырғандар саны 68 миллион 691 мың, сауығып кеткендердің саны 47 миллион 591 мыңға жетті.

Үндістанда Ковид-19 салдарынан көз жұмған адам сан 141 мың 398-ге жетті.  Елде вирус жұқтырғандар саны 9 миллион 735  мың болып тіркелді.

Иранда Ковид-19 эпидемиясы салдарынан қайтыс болғандар саны 51 мың 212-ге,  вирус жұқтырғандар саны да 1 миллион 72 мыңға ұласты.

Ресейде эпидемиядан 44 мың 718 адам қайтыс болды. Мемлекетте вирус жұқтырғандар саны 2 миллион 541 мыңға  жетті.

Африка құрлығында вирус салдарынан қайтыс болған адам саны 54 мың 611-ге көтерілді. Құрлықта вирус жұқтырған адам саны да 2 миллион 300 мың болып тіркелді. Құрлықта Ковид-19 эпидемиясы салдарынан ең көп Оңтүстік Африкада қайтыс болды. Оңтүстік Африкада вирустан көз жұмған адам саны 22 мың 432-ге көтерілді. 

Ковид-19 эпидемиясынан Мысырда 6 мың 813, Мароккода болса 6 мың 370 адам қайтыс болды

 

 



Ұқсас жаңалықтар