Pfizer мен BioNTech-тің вакциналары Ұлыбританияға жолға шықты

Борис Джонсон: Ұлыбритания тарихындағы ең үлкен жаппай вакцина егу бағдарламасы басталғалы тұр.

1539081
Pfizer мен BioNTech-тің вакциналары Ұлыбританияға жолға шықты

Американдық Фармацевтикалық Pfizer компаниясы мен BioNTech фирмасы Ковид-19 эпидемиясына қарсы жетілдірген вакцинаны Ұлыбританияға жеткізу жұмыстары басталды.

Ұлыбританиядағы мекемелердің Ковид-19 вакцинасын бекітуінің артынан жүк көліктері Бельгиядағы Пурс қаласындағы Pfizer зауытынан алған мыңдаған доза вакцинамен жолға шықты.

Премьер-министр Борис Джонсон бас қала Лондондағы Даунинг-стриттегі премьер-министрдің 10-шы резиденциясында сөйлеген сөзінде «Ұлыбритания тарихындағы ең үлкен жаппай вакцина егу бағдарламасы басталғалы тұр» деді.

Премьер-министр Джонсон көктемде күнделікті өмірдің қалпына келетініне сенімді екенін айтты. Халықаралық агенттіктер жолға шыққан көліктердің фотосуреттерін таратты. Ұлыбритания бұл вакцинаның 40 миллион дозасына тапсырыс беріп, жылдың соңына дейін 10 миллион доза сатып алатынын жариялаған еді.



Ұқсас жаңалықтар