Ливан президенті халықаралық қоғамға шақыру тастады

"Халықаралық қоғамның Ливаннан бас тартпауын талап етемін".

1538942
Ливан президенті халықаралық қоғамға шақыру тастады

Ливан президенті Мишель Авн халықаралық қоғамнан еліне көмек жасауды жалғастыруын сұрады.

Мишель Авн Франция және БҰҰ-ның (БҰҰ) басшылығымен екінші рет ұйымдастырылған «Бейрут пен Ливан халқына халықаралық қолдау конференциясы» шеңберінде сөйлеген сөзінде «Халықаралық қоғамның Ливаннан бас тартпауын талап етемін» деді.

«Ливанның қазір Әлемдік банкпен 246 миллион долларлық несие келіссөздерін жалғастырғанын және келіссөздердің осы аптаның аяғында аяқталатынын» білдірген Авн алдынғы мақсаттарының барлық саяси күштермен тепе-тең ерекшеліктерге негізделген бір үкімет құру екенін жариялады.

БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш жиналыста сөйлеген сөзінде БҰҰ-ның Ливан мен халқына қолдауды жалғастыратынын атап ливандық басшыларға «партизандық мүдделерді шетке тастап, халықтың мұқтаждығы мен сұраныстарын қамтамасыз ететін бір үкіметті дереу құру» жөнінде халықаралық қоғамның шақыруларын жалғастыруға тиісті екенін баса айтты.

Франция президенті Эммануэль Макрон болса Әлемдік банк, БҰҰ және Еуроодақтың (ЕО) Ливанды қалпына келтіру қорын құру туралы шешім қабылғанын жариялады.

9 тамыз күні болып өткен конференцияда уәде етілген жәрдемдердің жеткізілгенін және осылайша 280 миллион евро жиналғанын атап айтқан Макрон Ливан халқының 20 пайызының кедейлік көрсеткіштерінің астында өмір сүргенін және жәрдемдердің жалғасуға тиісті екенін білдірді.

Ливанның бас қаласы Бейруттағы портта 4 тамыз күні жарылғыш материалдар бар қоймада алдымен өрт шығып артынан бүкіл қаланы дүр сілкіндірген қарқынды бір жарылыс болған еді.

Жарылыста 191 адамның қаза тапқаны, 6 мыңнан астам адамның жарақат алғаны жарияланған болатын.



Ұқсас жаңалықтар