БҰҰ-дан ковид саммиті

Саммитте коронавирус пандемиясы,  пандемиямен күрес, вакцина және әлеуметтік-экономикалық жақсару қолға алынады.

1538624
БҰҰ-дан ковид саммиті

БҰҰ Бас ассамблеясы 3-4 желтоқсан күндерінде «Ковид-19» саммитін ұйымдастырады.

БҰҰ 75-ші Бас ассамблеясының төрағасы Волкан Бозкыр басшылық жасайтын,  әлем лидерлері виртуалды түрде қатысатын саммитте коронавирус пандемиясы,  пандемиямен күрес, вакцина және әлеуметтік-экономикалық жақсару қолға алынады.

Саммиттің екінші күні Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының директоры Тедрос Адханом Гебрейесус баяндама жасайды.

Жеке меншік сектор өкілдері,  үкіметтік емес ұйымдарғ коронавирусқа қарсы вакцина жетілдірген ғалымдар мен дәрі компаниялары да қатысатын саммитте елуден астам мемлекет басшысы, 39 үкімет басшысы мен қырыққа жуық министр сөз сөйлейді.



Ұқсас жаңалықтар