Ұлыбритания BioNTech және Pfizer фирмаларының вакцинасын бекітті

Ұлыбритания Ковид-19 эпидемиясына қарсы бір вакцинаны бекіткен алғаш ел болды.

1538256
Ұлыбритания BioNTech және Pfizer фирмаларының вакцинасын бекітті

Ұлыбритания құрушылары арасында түрік ғалым профессор, доктор Уғур Шахин бар неміс биотехнология фирмасы BioNTech-тің американдық «Pfizer» фармацевтикалық компаниясымен жетілдірген жаңа коронавирус (Ковид-19) вакцинасының кең тарауына рұқсат берді.

BBC-дің хабарына қарағанда Ұлыбритания Фармацевтикалық және медициналық өнімдерді бақылау мекемесі «BNT162b2» вакцина нұсқауын кең тарауының қауіпсіз екенін жариялады.

Осылайша Ұлыбритания Ковид-19 эпидемиясына қарсы бір вакцина нұсқауын бекіткен алғаш ел болды.

Бекітудің артынан Ұлыбританияның келесі аптадан бастап алдынғы қатарлы топтарға вакцина егу  жұмыстарын бастауға дайындалады.

Ұлыбритания бұған дейін 40 миллион доза вакцина сатып алу туралы алдын-ала келісім жасаған болатын.

Рибонуклеин қышқылы (РНҚ) негізді вакцина әлемде тіркелген алғаш Ковид-19 вакцинасы болды.

Вакцина 10 айлық қысқа мерзімде жетілдіріліп, 3 сатылы клиникалық сынақтардан өтіп, бекітілді.

Pfizer және BioNTech вакцинаның вирусқа қарсы иммунитетті қамтамасыз етуде 95% тиімді екенін хабарлаған болатын.

Фирмалар вакцинаның жедел қолданысына рұқсат берілуі үшін АҚШ Азық-түлік басқармасы мен Еуропа Фармацевтика агенттігіне ұсыныс жасаған еді.

Фирмалар вакцинаны жеткізіп беру үшін АҚШ, Еуроодақ, Ұлыбритания, Канада және Жапониямен келісімге келді.

ТР Денсаулық сақтау министрі Фахреттин Кожа 25-ші қараша Түркия ретінде желтоқсанда вакцинаға 1 миллион қысқы маусым үшін тапсырыс берілгенін, жалпы 25 миллион доза сатып алуға келіссөздердің жүргізілгенін жариялаған еді.

Фирма вакцинадан 2020 жылы аяғына 100 миллион және 2021 жылы соңына дейін шамамен 1,3 миллиард доза өндіруді жоспарлауда.



Ұқсас жаңалықтар