Нигериядағы шабуылда 110 адам ажал құшты

Мұхаммед Бухари шабуылды айыптады және "Бұл қанды шабуыл барлық елді қайғыға батырды" деді.

1536850
Нигериядағы шабуылда 110 адам ажал құшты

Біріккен Ұлттар Ұйымы гуманитарлық жәрдем жөніндегі Нигерия координаторы Эдвард Каллон жасаған мәлімдемесінде кеше террористтердің ауылдағы диқандарға шабуыл жасағанын жариялады. 

Шабуылда 110 адамның қаза тапқанын және көптеген адамның жарақат алғанын түсіндірген Каллон "Бұл шабуыл өте үрейлі. Аяусыз шабуылда қаза тапқандардың отбастарына көңіл айтамын. Жарақат алғандарға жедел шипа тілеймін" деді.

Нигерия мемлекет басшысы Мұхаммед Бухари болса шабуылды айыптап: "Бұл қанды шабуыл барлық елді қайғыға батырды" деп көрсетті.

Ұлттық баспасөзде шыққан хабарларда шабуылда 44 адамның көз жұмғаны алға тартылды. 



Ұқсас жаңалықтар