Қызылтеңізде террорлық шабуыл тосылды

Қызылтеңіздің оңтүстігінде Иран қолдауындағы хоуситтерге тән жарылғыш материалдар тиелген кеменің күйретілгені білдірілді.

1534362
Қызылтеңізде террорлық шабуыл тосылды

Сауд Арабиясы басшылығындағы коалиция күштері Қызылтеңіздің оңтүстігінде бір террористік шабуылдың тосылғанын, осы кезде бір сауда кемесінің жеңіл зақымдалғанын жариялады.

Сауд Арабиясына қарасты әл-Ихбарие арнасының хабарлауына қарағанда Қызылтеңіздің оңтүстігінде Иран қолдауындағы хоуситтерге тән жарылғыш материалдар тиелген кеменің күйретілгені және теңіз операциясын нысанаға алған террористік шабуылдың тосылғаны білдірілді.

Мәлімдемеде күйретілген жарылғыш тиелген кеменің бөлшектері тиген өзге бір сауда кемесінде жеңіл зақымдалу болғаны хабарланды.

Хоуситтер тақырыпқа байланысты мәлімдеме жасамады.

Ұзақ уақыттан бері саяси тұрақсыздық жалғасқан Йеменде Иранның қолдауындағы хоуситтер 2014 жылы қыркүйектен бері астана Сана мен кейбір аймақтарды бақылауға алып отыр.

Сауд Арабиясы басшылығындағы коалиция күштері 2015 жылы наурыздан бері хоуситтерге қарсы Йемен үкіметіне қолдау беруде.   



Ұқсас жаңалықтар