«Sputnik V» вакцинасының 95 пайыз ықпалды екені жарияланды

Ресей Тікелей инвестиция қоры «Sputnik V» вакцинасы туралы мәлімдеме жасады.

1533510
«Sputnik V» вакцинасының 95 пайыз ықпалды екені жарияланды

Ресейдің тіркеу жұмыстары аяқталған «Sputnik V» атты алғаш коронавирус (ковид-19) вакцинасының клиникалық сынамаларының 95 пайыз ықпалды екені жарияланды.

«Sputnik V» вакцинасының еріктілерге жасалған клиникалық сынамаларының екінші анализ қорытындысы вакцинаның алғашқы дозасы жасалғаннан 42 күн өткен соң 95 пайыз жарамдылығын ортаға қойды.

«Sputnik V» вакцинасының демеушісі Ресей Тікелей инвестиция қоры ресми Твиттер парақшасы арқылы жасаған мәлімдемеде вакцинаның бір дозасының халықаралық нарықтар үшін 10 доллардан төмен бағамен сатылатынын білдірді.

«Sputnik V»-нің екі доза ретінде қолданылатыны еске салынған мәлімдемеде орыс вакцинасының ұқсас басқа вакциналардың жарты бағасына тұтынушыға жеткізілетіні атап көрсетілген болатын.



Ұқсас жаңалықтар