ДДCҰ-нан вакцина мәлімдемесі

Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымы (ДДСҰ) Бас директоры Тедрос Аданом Гебрейесус мәлімдеме жасады.

1532981
ДДCҰ-нан вакцина мәлімдемесі

Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымы (ДДСҰ) Бас директоры Тедрос Аданом Гебрейесус «Вакцина сынақтарының болымды соңғы жаңалықтарының артынан осы ұзақ және қараңғы туннельдің соңындағы жарық күшейе түседі» деді.

Тедрос Аданом Гебрейесус Швейцарияның Женева қаласындағы штаб-пәтерінде бейнеконференция арқылы апталық баспасөз мәслихаты өткізді.

Ковид-19 вакцинасын зерттеудің жағымды жаңалықтарына қанағаттанғанын тілге тиек еткен Гебрейесус вакцинаны әзірлеу кезінде көрсетілген жылдамдықтың, әділ тарату кезінде де көрсетілу керек екенін ескертті.

Гебрейесус осы уақытқа дейін кез-келген эпидемияға қарсы мұндай жылдам вакцина жасалмағанын баса айтып «Вакцина сынақтарының болымды соңғы жаңалықтарының артынан осы ұзақ және қараңғы туннельдің соңындағы жарық күшейе түседі. Қазір сыналған және халықтың басқа да денсаулық сақтау шаралары мен вакциналардың эпидемияны тоқтатуға көмектеседі деген нақты үміт бар» деді.

Ғалымдардың вакцинаны дамыту тақырыбында жаңа бір стандартқа қол жеткізгенін атап көрсеткен Гебрейесус «Халықаралық қауымдастық енді (вакциналар үшін) қол жетімділіктің жаңа стандартын белгілеуге тиісті» деді.



Ұқсас жаңалықтар