Оксфордтың да вакцинасы ықпалды

Осы вакцина өзіне ұқсас вакциналардан арзан және сақталуы оңай.

1532717
Оксфордтың да вакцинасы ықпалды

Оксфорд Университеті коронавирусқа қарсы вакцинасының 70 пайыз ықпалды екенін жариялады.

Оксфорд Университеті мен AstraZeneca фармацептикалық компаниясының вакцинасы бір доза берілгенде 70 пайыз,  алдымен жартылай доза, артынан толық доза берілгенде 90 пайыз ықпалды болды.

Осы вакцина өзіне ұқсас вакциналардан арзан және сақталуы оңай. Сондықтан әлемнің түрлі жеріне жеткізілуі жеңіл.

Оксфорд вакцина тобы директоры Проф. Др. Эндрью Поллард қорытындының көптеген адам өмірін аман алып қалатын вакцина екенін көрсеткенін білдірді. «Доза жүйесінің бірінің шамамен 90 пайыз ықпалды болғанын байқадық.  Осы доза жүйесі қолданылса, жоспарланған жеткізу арқылы одан да көп адамға вакцина егуге болады» деді ол.

Осы хабарға орай мәлімдеме жасаған Ұлыбритания Денсаулық сақтау министрі болса үкімет ретінде аталмыш вакцина бойынша жарияланған мәліметтердік «батылдық беретінін» айтты.

Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон да вакцина жетілдірген команданы құттықтады.



Ұқсас жаңалықтар