Әлемде коронавирус

Ұлыбританияда ковид салдарынан 52 мың 147 адам қайтыс болды.

1528984
Әлемде коронавирус

Коронавирус эпидемиясынан қайтыс болғандардың саны әлем көлемінде бір миллион 332 мыңнан асты.  Вирус жұқтырған адам саны 55 миллион 350 мың,  сауығып кеткендердің саны болса 38 миллион 494 болды.

252 мың 652 адам қайтыс болған Америка Құрама Штаттарында вирус жұқтырған адам саны 11 миллион 538 мыңнан асты.  Елде эпидемия басталғаннан 12 қараша күніне дейін бір миллион 39 мың 464 баланың коронавирус жұқтырғаны білдірілді.

Ұлыбританияда ковид салдарынан 52 мың 147 адам қайтыс болды.  Елде бір миллион 390 мың адамға вирус жұқты.

Эпидемия салдарынан Испанияда 41 мың 253 адам қайтыс болды.  Вирус жұқтырған адам саны да бір миллион 521 мыңға жетті.

Италияда бір күнде 504 адам қайтыс болды.  Өлім-жітім 45 мың 733-ке жетті.  Вирус жұқтырған адам саны 27 мың 354 артып,  бір миллион 205 мың 81 болды.

Францияда коронавирус салдарынан соңғы 24 сағатта 508 адам қайтыс болды. Өлім-жітім 45 мың 54 болды. Бір күнде 9 мың 406 адамда вирус анықталды.  Жалпы вирус жұққан адам саны бір миллион 991 мың 233-ке жетті. Денсаулық сақтау министрі ел көлемінде көшеге шығуға тыйым салғандықтан вирустың жай тарағанын білдірді.

 

 

 



Ұқсас жаңалықтар