Вирустан кейін келер жылы қыста өмірдің қалыпқа түсуі мүмкін

Шахин сәуір айына дейін  әлем көлемінде вакцинадан 300 миллион доза таратуды нысанаға алғандарын хабарлады.

1528694
Вирустан кейін келер жылы қыста өмірдің қалыпқа түсуі мүмкін

Жаңа типті коронавиурс (Сovid-19) індетіне қарсы жетілдірілген және 90 пайыз табысты болғаны анықталған вакцинаны өндірген немістің BioNTech компаниясының құрушыларынан Профессор доктор Угур Шахин келер жылы қыста өмірдің қалыпқа түсетінін мөлшерледі.  

BBC арнасында Andrew Marr Show бағдарламасына қонақ болған Угур Шахин әсері жоғары осы вакцина арқылы адамдарға вирус жұғуының 90 пайыз болмаса да, 50 пайызға азаятынына сенетінін, бұл індеттің таралуын тосатынын атап айтты.

Вакцинаның биыл қыс пен келесі жылы көктемде таратыла бастайтынын айтқан Шахин сәуір айына дейін  әлем көлемінде 300 миллион доза таратуды нысанаға алғандарын хабарлады.

Келер жылы қысқа қалыпты өмірге өтудің мүмкін екенін білдірген Шахин вакцина бағдарламаларының келер жылғы күзге дейін аяқталуының маңызды болатынын айтты. 

Вакцина кері әсер жасағанда егілген жер бірнеше күн ауыратынын және қызыудың аздап өрлейтінін айтқан Шахин егуді тоқтатындай ауыр әсерге кездерпегендерін хабарлады.    



Ұқсас жаңалықтар