Кейбір елдерде ковид көрсеткіштері

Үндістанда эпидемияда 130 мың 109 адам қайтыс болды.

1528390
Кейбір елдерде ковид көрсеткіштері

Әлем көлемінде коронавирус себебімен қайтыс болған адам саны бір миллион 324 мыңнан асты. Вирус жұқтыру оқиғасы 54 миллион 818 мың, сауығып кеткендердің саны 38 миллион 140 мың болды.

Үндістанда эпидемияда 130 мың 109 адам қайтыс болды. 8 миллион 845 мың адамға вирус жұқты.

Иранда коронавирустан 41 мың 493 қайтыс болды.  Елде 762 мың 68 адамға вирус жұқты.

Ковид-19 салдарынан Ресейде қайтыс болғандардың саны 33 мың 186-ға жетті. Бір миллион 925 мың адамға вирус жұқты.

Африка құрлығы бойынша эпидемиядан қайтыс болғандардың саны 275 артты.  Барлық саны 47 мың 438-ге жетті.  Құрлықта соңғы 24 сағатта 12 мың 468 адам вирус жұқтырып,  вирус жұққан адам саны барлығы бір миллион 987 мың 732 болды. Коронавирустан құрлықта ең көп өлім –жітім Оңтүстік Африкада тіркелді. Бұл елде 20 мың 241 адам қайтыс болды.  Мысырда 6 мың 453, Мароккода болса 4 мың 779 адам қайтыс болды.



Ұқсас жаңалықтар