Зеленскийдің денсаулығы жақсы екен

Владимир Зеленский емделіп жатқан ауруханада жағдайының тәуір екенін және жұмысты интернет арқылы жүргізіп жатқанын айтты.

1527528
Зеленскийдің денсаулығы жақсы екен

Жаңа типті коронавирус (Сovid-19) індетін жұқтырып алған Украина президенті Владимир Зеленский денсаулық жағдайының жақсы екенін хабарлады.

Владимир Зеленский әлеуметтік желідегі есебінен жариялаған мәлімдемесінде емделіп жатқан ауруханада жағдайының тәуір екенін және жұмысты интернет арқылы жүргізіп жатқанын айтты.

Үш күннен бері карантинде екенін білдірген Зеленский:

"Жұмыстан қалмадым. Жауапкерліктерімді орындап жатырмын. Мемлекеттік органдардың барлығы жұмыстарын қалыпты атқаруда. Жиналыстарды видео арқылы жүргізудеміз" деді.

Зеленский 9 қарашада Ковид-19 диагнозы қойылып, вирусты жұқтырғанын хабарлаған еді.    



Ұқсас жаңалықтар