Арменияда наразылықтар толастамады

Шерушілер үкіметтің отставкаға кетуін талап етті.

1527054
Арменияда наразылықтар толастамады

Арменияда Әзербайжанмен Таулы Қарабахта қақтығыстарды доғарған келісімге қол қою себебімен халық үкіметтің отставкаға кетуін талап етуде.

Арменияның бас қаласы Еревандағы Еркіндік алаңы мен Матенадаран институтының алдында оппозиция мыңдаған адам қатысқан акция өткізді.

Шерушілер премьер-министр Никол Пашинянның жеңілуді қабылдағанына наразылық білдіріп, үкіметті міндеттен кетуге шақырды. Акция барысында алпыстан астам адам қамау алынды.
Сонымен қатар Армения премьер-министрі Никол Пашинян ұлтқа үн қатып,  Әзербайжанмен жасалған келісімнің жаман екенін,  алайда жағдайды одан сайын нашарлатпау керектігін білдірді.
«Келісімге қол қоймасақ, Қарабахтағы 20 мың әскер қоршауға алынатын еді» деген Пашинян осы келісімнің Қарабах келіспеушілігінде соңғы нүкте еместігін алға тартты.
 



Ұқсас жаңалықтар