Путин 3 министрді міндеттен алды

Мишустин Құрылыс министрлігіне Татарстан Құрылыс министрі Ирек Файзуллинді ұсыныс етті.

1524598
Путин 3 министрді міндеттен алды

Владимир Путин тарапынан қол қойылған шешіммен Қатынас министрі Евгений Дитрих, Табиғи байлықтар және Қоршаған орта министрі Дмитрий Кобылкин және Ресей Құрылыс министрі Владимир Якушев міндетінен алынды.

Қол қойылған құжатта орыс үкіметіндегі премьер-министрдің орынбасары 9-дан 10-ға көбейді.

Ресей премьер-министрі Михаил Мишустин шешімнен кейін босаған министрлердің міндеті үшін жаңа үміткерлерді Ресей парламентінің астыңғы қанаты Думаға ұсынғанын хабарлады.

Ресей Энергия министрі Новакты премьер-министрдің орынбасары міндетіне үміткер ретінде көрсеткен Мишустин Новактың орнына РусГидро Бас директоры Николай Шулгиновты ұсынды.

Қатынас министрлігіне Аэрофлот Бас директоры Виталий Савалиевті үміткер көрсеткен Мишустин  Құрылыс министрлігіне Татарстан Құрылыс министрі Ирек Файзуллинді, Табиғи байлықтар және Қоршаған орта министрлігіне Қиыр Шығыс және Арктика министрі Александр Козловты ұынды.    



Ұқсас жаңалықтар