АҚШ-та наразылықтар басталып кетті

Наразылық білдірушілер екінші түні бүкіл елде көшеге шықты.

1522293
АҚШ-та наразылықтар басталып кетті

Америка Құрама Штаттарының  59-шы президенттік сайлауындағы белгісіздік пен пошта арқылы берілген дауыстар жөніндегі таластар көптеген штаттарда наразылыққа жол ашты.

Наразылық білдірушілер екінші түні бүкіл елде, әсіресе Нью-Йоркте, Фледельфияда, Чикагода және Лос-Анджелесте көшеге шықты.

Демократ сайлаушылар Нью-Йорктің Демократиялық партияның президенттігіне кандидат Джо Байден сайлауда жеңіске жеткен екі бөлек ауданындағы көшелерге шықты және Манхэттеннің 5-ші даңғылындағы Trump Tower ғимаратының жанында баспасөз мәлімдемесін жасады.

«Одақ» алаңына жақын жолды жауып тастаған наразылық білдірушілерге полиция килікті, көптеген наразылық білдірушілерді полиция тұтқындады.

Фледельфия, Детройт және Чикаго сияқты қалалардағы демонстранттар «Барлық дауыстарды санап беріңіз» деген ұрандармен бейбіт шерулер өткізіп жатқанда, президенттік сайлаудағы маңызды штаттардың бірі Мичиганда оқиғалар басталды.

Кеше Лос-Анджелес қаласында өткен демонстрацияларда тұтқындаулар болған болса, бүгін полицияның ерте шара қабылдауы нәтижесінде наразылық шеруі тыныш өтті.

Мамыр айында Африка текті Джордж Флойдты полиция өлтірген Миннеаполисте I-94 тас жолын жауып тастаған демонстранттар қамауға алынды.

Мэриленд штатындағы Балтимор қаласында 30 адамнан тұратын топ республикашыл кандидат Дональд Трамптың мерзімінен бұрын жеңіске жету туралы жариялауына бейбіт түрде наразылық білдірсе, ел астанасы Вашингтондағы полиция департаменті демонстрация ережелерін бұзғаны, шабуылға шақырғандығы және зорлық-зомбылық көрсеткені үшін 4 адамның ұсталғанын хабарлады.

Республикалық партия дауыстардың қайта есептелуін сұраған Мичиган штатындағы Детройтта республикашылдардың бір тобы сайлаушыларды санақ орталығына жібермеген шенеуніктермен дауласты.

'' Кірейік '', '' Санақ тоқтатылсын '' деп айқайлаған топты полиция күштеп таратты.

Наразылық ертең көптеген қалаларда жалғасады деп күтілуде.



Ұқсас жаңалықтар