АҚШ жаңа баллистикалық зымыран сынады

"Minuteman III" атты баллистикалық зымыран кеше түнде сыналды.

1518642
АҚШ жаңа баллистикалық зымыран сынады

Америка Құрама Штаттары Әуе күштері жаһандық шабуыл қолбасшылығы ядролық тұмсық таси алатын құрлықтар арасы баллистикалық зымыранды сынақтан өткізді.

"Minuteman III" атты баллистикалық зымыран кеше түнде сыналды.

Қолбасшылық хабарлама жариялап, Калияорниядағы Ванденберг әуе базасында сынақтан өткен жаңа зымыранның ядролық тұмсық тасымағанын білдірді.

Хабарламада «Аталмыш сынақ Америка Құрама Штаттарының ядролық күшінің сенімді, ықпалды және 21-ғасыр қауіптеріне қарсы тұра алатын жағдайда екенін көрсетеді» деп айтылды.  

Қолбасшылық сынақтың бейнекөріністерін де жариялады.



Ұқсас жаңалықтар