Коронавируста соңғы жағдай

Әлем көлемінде өлім-жітім 1 миллион 165 мыңнан асты.

1516731
Коронавируста соңғы жағдай

Коронавирустың жаңа түрінен қайтыс болған адам саны әлем көлемінде 1 миллион 165 мыңнан, расталған оқиға саны 43 миллион 817 мыңнан асты. Сауығып кеткендер саны 32 миллион 200 мыңға жетті.

АҚШ-та Ковид-19 эпидемиясынан қайтыс болғандар саны 231 мың 45-ге өсті. Елде вирус жұқтырғандар саны 8 миллион 962 мың болып тіркелді. 

Ұлыбританияда ковид-19 салдарынан соңғы 24 сағатта көз жұмған 102 адамды қосқанда, өлім-жітім 44 мың 998-ге жетті. Вирус жұқтырғандар саны да 20 мың 890-ға көбейіп, 894 мың 690-нан асты. 

Италияда эпидемиядан қайтыс болғандар саны 37 мың 479-ға өсті. Елде вирус жұқтырғандар саны 542 мың 789-ға жетті. 

35 мың 31 адам қайтыс болған Испанияда Денсаулық сақтау министрлігі ковид-19 инфекциясы жұқтырғандар санының 1 миллион 98 мың 320-ға көбейгенін білдірді. 

Францияда эпидемия салдарынан соңғы 24 сағатта көз жұмған 258 адамды қосқанда қайтыс болғандар саны 35 мың 18-ден, инфекция жұқтырғандар саны 26 мың 771-ден асып 1 миллион 165 мың 278-ден асты.

Ковид-19 салдарынан Бразилияда 157 мың 451, Мексикада 89 мың 171, Перуде 34 мың 197, Колумбияда 30 мың 348, Аргентинада 29 мың 301, Чилиде 14 мың 3,  Эквадорда 12 мың 573, Бельгияда 10 мың 899 және Германияда 10 мың 182 адам қайтыс болды.



Ұқсас жаңалықтар