Шығыс Африкада сел апатынан  3,6  миллион адам зардап шекті

Эфиопияда  1,1 миллион адам сел апатынан зардап шексе, 313 мың адам қоныс аударды.

1515907
Шығыс Африкада сел апатынан  3,6  миллион адам зардап шекті

Шығыс Африкада сел апаты және лай көшкіні салдарынан 3,6  миллион адам зардап шекті. 

Біріккен Ұлттар Ұйымы гуманитарлық жәрдем офисінен жасалған жазбаша мәлімдемеде Оңтүстік Судан, Кения және Уганданың селден қатты ықпал көргені білдірілді. 

Мәлімдемеде "Көлдердегі судың тасуы және су тасқындары мыңдаған адамға болымсыз ықпал жасауда. Тек Оңтүстік Суданның өзінде 850 мың адам селден ықпал көрді және  400 мың адам қоныс аударуға мәжбүр болды" деген сөздерге орын берілді.

Аймақта жаңа коронавирус індеті, экономикалық дағдарыс және қақтығыстардан болымсыз ықпал көрген миллиондаған адам енді  соңғы жылдардағы ең үлкен сел апатымен күресуде. 

Біріккен Ұлттар Ұйымының мәлімдемесіне қарағанда Эфиопияда  1,1 миллион адам сел апатынан зардап шексе, 313 мың адам қоныс аударды. 

Сел апаты кесірінен көптеген мектеп және ауруханалар да жабылды. 

 



Ұқсас жаңалықтар