Әлемде коронавирус

Вирус жұқтырғандардың саны 43 миллион 346 мың 888-ден асты.

1515778
Әлемде коронавирус

Коронавирус салдарынан қайтыс болғандардың саны әлем бойынша 1 миллион 159 мың 97 болды.  Вирус жұқтырған адам санының артуы болса әсіресе Еуропада екінші толқынның таралғанын көрсетеді. Вирус жұқтырғандардың саны 43 миллион 346 мың 888-ден асты.  Сауығып кеткендердің саны болса 31 миллион 905 мың 975 болды.

Америка Құрама Штаттарында ковид салдарынан қайтыс болғандардың саны 230 мың 510-нан,  вирус жұққан адам саны 8 миллион 889 мың 179-дан асты.

Ұлыбританияда ковидтен қайтыс болғандардың саны 44 мың 896 болды.  Елде вирус жұқтырғандардың саны 873 мың 800 ретінде тіркелді.

Италияда эпидемиядан қайтыс болғандардың саны 37 мың 338-ге жетті.  Елде вирус жұққан адам саны да 525 мың 782 болды.

Францияда эпидемия салдарынан соңғы 24 сағатта 116 адам қайтыс болды.  Қайтыс болғандардың жалпы саны 34 мың 761-ге жетті. Вирус жұққан адам саны болса елде және Еуропада бір күндік рекорд жаңартып,  52 мың 10 артты.  Барлық саны 1 миллион 138 мың 507-ге жетті.

Эпидемия себебімен Нидерландыда қайтыс болған адам саны 7 мың 46-ға,  вирус жұққан адам саны да 291 мың 254-ке жетті.

Ковид-19 салдарынан кейбір елдерде қайтыс болғандардың саны мынадай:

Бразилия 157 мың 163, Мексика 88 мың 924, Испания 34 мың 752, Перу 34 мың 149, Колумбия 30 мың 154, Аргентина 28 мың 896, Чили 13 мың 944, Эквадор 12 мың 553, Бельгия 10 мың 810 және Германия 10 мың 138.



Ұқсас жаңалықтар