Беларусьте шерулер тоқтамады

523 адам қамауға алынды.

1516055
Беларусьте шерулер тоқтамады

Беларусьте президенттік сайлау қорытындысына қарсы ел көлемінде жалғасып жатқан шерулерде кеше 523 адам қамауға алынды.

Беларусь Ішкі істер министрлігінің баспасөз хатшысы Ольга Чемоданова ел көлемінде жексенбі күні 19 бөлек жерде заңсыз шерулер ұйымдастырылғанын айтты. Ол полицияның тәртіпті сақтау үшін шара қолданғанын білдірді.

Минскте шерушілердің акциясы барысында жол қатынасының жабылғанын білдірген Чемоданова кейбір шерушілердің Минск орталық полиция ұйымының ғимаратына тас лақтырғанын хабарлады. Заңсыз шерулер барысында тәртіпті сақтамаған кісілердің қамауға алынғанын айтты.

Баспасөз хатшысы шерулерде екі полиция қызметкерінің жараланғанын білдірді. Жасы кішкентай балалардың шеруге апарылғанын және кейбір шерушілердің ішімдік ішкенін айтты.

«Кеше өткен шерулерде 160-ы Минскте, барлығы 523 адам қамауға алынды. 352 кісі сотқа шыққанға дейін қамауда отырады» деді ол.



Ұқсас жаңалықтар