Сомалиде жаңа кабинет құрылды

Түркияда университет бітірген Абдулкадир Мұхаммед Нұр Сомалиде Әділет министрі болды.

1512060
Сомалиде жаңа кабинет құрылды

Түркия Сомалиге дипломалы министр жолдады.

Түркияда университет бітірген Абдулкадир Мұхаммед Нұр Сомалиде Әділет министрі болды. 

Сомалиде премьер-министр Мұхаммед Хүсейн Рабленің ұзақ уақыттан бері күтілген жаңа кабинеті жарияланды. 

Мұхаммед Хүсейн Рабле Анкара университеті Әлеуметтік ғылымдар факультетін тауысқан Абдулкадир Мұхаммед Нұрды Әділет министрі міндетіне тағайындады.

Министрлер кабинетін ұйымдастыруда ғалымдар, зиялылар және ақсақалдармен ақылдасқан премьер-министр Рабле жаңа кабинетте жастар мен әйелдерге де маңызды міндеттер берді. 

Жаңа кабинет 17 мемлекеттік министр, 27 министр және 26 министрдің орынбасарынан құралды.  



Ұқсас жаңалықтар