БАӘ Израильмен жасалған келісімді мақұлдады

Израиль Мәжілісі 15 қазанда  Біріккен Араб Әмірліктерімен жасалған қалыпқа түсу келісімін көп дауыспен қабылдаған болатын.

1512082
БАӘ Израильмен жасалған келісімді мақұлдады

Біріккен Араб Әмірліктері кабинеті Израильмен қол қойылған қалыпқа түсу келісімін мақұлдады. 

Біріккен Араб Әмірліктері кабинеті үкіметтің әлеуметтік желісінен жарияланған мәлімдемеде Біріккен Араб Әмірліктері президентінің орынбасары, премьер-министр және Дубаи Әмірі Шәйх Мұхаммед ибн Рашид Әл Мактум төрағалығындағы Министрлер кабинеті Біріккен Араб Әмірліктері мен Израиль арасында толық дипломатиялық қарым-қатынастар орнату және бейбітшілік келісімі болған Ибрахим келісімін мақұлдауға шешім қабылдағаны білдірілді.

Мәлімдемеде Кабинет келісімді мақұлдау шешімін жасау үшін атазаңдық жұмыстарды бастауға бұйрық бергені атап көрсетілді.

Израиль Мәжілісі 15 қазанда  Біріккен Араб Әмірліктерімен жасалған қалыпқа түсу келісімін көп дауыспен қабылдады.



Ұқсас жаңалықтар