"Еуропаның қауіпсіздігі Түркияның қолында тұр"

Сийярто: "Еуропаның қауіпсіздігі Түркияның қолында тұр. Сол себепті батыс еуропалық достарым оларды азырақ сындағаны жөн" деді.

1505543
"Еуропаның қауіпсіздігі Түркияның қолында тұр"

Венгрия Сыртқы істер және Сыртқы сауда министрі Петер Сийярто Еуропаның қауіпсіздігі Түркияның қолында екенін, сол себепті Батыс Еуропа саясатшыларының Түркияны сындауды азайтуы керектігін айтты.

Словакияның астанасы Братиславада ұйымдастырылған "Братислава Жаһандық қауіпсіздік форумына" қатысқан Петер Сийярто Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлумен кездесті. 

Петер Сийярто кездесу жайлы әлеуметтік желіден жасаған мәлімдемесінде:

"Түркия Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу ескі досым және әріптесім. Бүгін Еуропаның қауіпсіздігі Түркияның қолында тұр. Сол себепті батыс еуропалық достарым оларды азырақ сындағаны жөн" деді. 



Ұқсас жаңалықтар