Ресей Қарабах мәселесіне араласпайды

Песков: "Ұжымдық қауіпсіздік жөніндегі келісім ұйымы аясындағы жауапкерліктер Қарабах үшін күшке ие емес" деді.

1504874
Ресей Қарабах мәселесіне араласпайды

Ресей Ұжымдық қауіпсіздік жөніндегі келісім ұйымы аясындағы жауапкерліктердің Қарабах үшін күшіне ие емес екенін жариялады.

Ресей Президенттік сарайы Кремльдің мәлімдемешісі Дмитрий Песков 27 қыркүйекте басталған Армения шабуылдары себепті Әзербайжанның Қарабах аймағында болған қақтығыстарға байланысты журналистерге мәлімдеме жасады.

Ресейдің Ұжымдық қауіпсіздік жөніндегі келісім ұйымы аясында Таулы Қарабах аймағына әскер жолдау мүмкіндігін бағаландырған Песков:

"Ұжымдық қауіпсіздік жөніндегі келісім ұйымына мүше ел шабуылға ұшырағанда ұйым мүшелерінің бұл елді қорғау жауапкерлігі бар" деді. 

Ресей президенті Владимир Путиннің тақырыпқа байланысты мәлімдеме жасағанын ескерткен Песков:

"Ұжымдық қауіпсіздік жөніндегі келісім ұйымы аясындағы жауапкерліктер Қарабах үшін күшке ие емес" деді. 

Путин Қарабахта болған оқиғаларға алаңдап отырғанын тілге тиек етіп:

"Ұжымдық қауіпсіздік жөніндегі келісім ұйымы аясында Арменияға қарата жауапкерліктеріміз бар. Алайда қақтығыстар Армения территориясында болып жатқан жоқ" деген болатын. 



Ұқсас жаңалықтар