Ковид-19 науқастарында неврологиялық симптомдар байқалды

Ковид-19 жұқтырған 509 науқастың 82 пайызында неврологиялық симптомдардың байқалғаны хабарланды.

1504082
Ковид-19 науқастарында неврологиялық симптомдар байқалды

Жаңа типті коронавирус (Сovid-19) індетін жұқтырған науқастарда неврологиялық симптомдардың жиі кездесетіні жарияланды.

АҚШ-та жүргізілген және "Annals of Clinical and Translational Neurology" журналында жарияланған бір еңбекте Чикагодағы науқастарға Ковид-19 вирусын жұқтырғаны себепті көктемде ауруханаға жатқызылған 509 науқастың 82 пайызында неврологиялық симптомдардың байқалғаны хабарланды.

 Бастабында қызуы өрлеу, жөтелу және тыныс тарлығы ретінде анықталған аурудың белгілеріне органдарда нашарлау, теріде өзгерістер, ас қорыту мен ми және жүйке жүйелері мазасыздығы да қосылғаны білдірілді.

Зерттеуде неврологиялық белгілер ретінде коронавирус (Kovid-19) науқастарының 45 пайызында бұлшық ет, 38 пайызында бас ауруы кездескені хабарланды. 

Науқастардың үштен бірінде ми жүйесі мен қызметінде өзгерістер де байқалды.

Зерттеуде бақыланған науқастардың 30 пайызында бас айналуы, 16 пайызында дәмді сезбеу, 11 пайызында иісті сезбеу жағдайы байқалғаны білдірілді.  



Ұқсас жаңалықтар