Сербия түрік дрондарын алғысы келеді

Вучич Белградта Түркияның «Байрактар» дронын мақтады.

1503532
Сербия түрік дрондарын алғысы келеді

Сербия президенті Александр Вучич Түркиядан ұшқышсыз әуе аппараттарын сатып алуды ойластырғандарын,  түрік дрондарының өте жақсы екенін айтты.

Вучич Белградта Түркияның «Байрактар» дронын мақтады.

Түрік дрондарының жүйелерінің мықты екенін және болашақта сатып алуды қалайтындарын білдірген президент: «Ұшқышсыз әуе көліктері едәуір жақсы.  Түрік өндірушілердің еңбегі мықты» деді. Вучич Сербияның қауіпсіздігін нығайту керектігін айтып: «Біз ешкімге қауіп төндірмейміз.  Ешкімге шабуылдамаймыз.  Алайда тосын сый болмауы үшін әрқашан дайын болуымыз керек.  Осы шеңберде қажетті қадамдарды басуымыз қажет» деді. Ол елінің бейтарап екенін, елді өздері қорғауы керектігін айтты.



Ұқсас жаңалықтар