Коронавируста соңғы жағдай

Расталған оқиға саны 35 миллион 645 мыңнан асты

1503340
Коронавируста соңғы жағдай

Коронавирустың жаңа түрінен қайтыс болғандардың саны әлем көлемінде 1 миллион 45 мыңнан, расталған оқиға саны 35 миллион 645 мыңнан асты. Сауығып кеткендер саны 26 миллион 792 мың болды.

214 мың 889 адам көз жұмған эпидемияның орталығы АҚШ-та 7 миллион 669 мың адам вирус жұқтырды. АҚШ-та Ақ Үй мәлімдемешісі Кейли Макэнани жаңа типтегі коронавирус жұқтырғанын және өзін карантинге алғанын жариялады. CNN телеарнасы Ақ үйдегі дереккөздерге сүйене отырып Макэнанидің көмекшілері Чад Гилмартин мен Каролин Ливиттің де вирус жұқтырғанын жариялады. Ақ Үй журналистері қоғамы да 3 журналист пен бір Ақ Үй қызметкерінің вирус жұқтырғанын атап, бұл тұлғалардың куәліктерін жарияламады.

Италияда ковид-19 салдарынан соңғы 24 сағатта көз жұмған 16 адамды қосқанда, өлім-жітім 36 мың 2-ге жетті. 2 мың 257 жаңа оқиғаны қосқанда вирус жұқтырғандар саны 327 мың 586 болды. Итальян баспасөзде көрсетілген жаңалықтарда үкіметтің соңғы күндері ауру санының өсуіне байланысты қабылдануы мүмкін жаңа шараларды бағалағаны айтылды.

Францияда эпидемия салдарынан соңғы 24 сағатта қайтыс болған 69 адамды қосқанда, өлім-жітім 32 мың 299 болды. Вирусты жұқтырған адам саны да, 5 мың 84 артып, 624 мың 274-ке өсті.



Ұқсас жаңалықтар