Шығыс елдерінде коронавирус

Бүкіл әлемде вирус жұқтырғандар саны 34 миллион 166 мыңнан асты.

1500654
Шығыс елдерінде коронавирус

Коронавирустың жаңа түрінен қайтыс болған адам  саны әлем көлемінде 1 миллион 18 мыңнан, расталған оқиға саны 34 миллион 166 мың 260-тан асты. Сауығып кеткендер саны 25 миллион 437 мыңға жетті.

Үндістанда соңғы 1 тәулікте ковид-19 эпидемиясынан көз жұмған мың 181 адамды қосқанда, қайтыс болғандар саны жалпы 98 мың 678-ге жетті. Елдегі расталған оқиға санына соңғы 24 сағатта 86 мың 821 адам қосылып, жалпы 6 миллион 312 мың 584-ден асты.

Солтүстік Кипр Түрік Республикасы (СКТР) Денсаулық сақтау министрі Али Пилли елде 65 күндік үзілістің артынан алғаш рет жаңа титегі коронавирус (ковид-19) оқиғасы байқалмағанын жариялады. СКТР-да эпидемия басталған 10 наурыз күнінен бері 4 адам ковид-19 салдарынан қайтыс болды. Аталмыш кезеңде 757 оқиға расталған болатын.

61 өлім-жітім, 11 мың 825 оқиға тіркелген Иорданияда барлық мешіттер мен шіркеулер қайта ашылады. Мектептер болса тағы екі аптаға жабық болмақ. Үкімет 14 қыркүйек күні артқан ковид-19 оқиғаларымен күрес аясында уақытша оқу және мешіттерде топтық ғибадаттарды тоқтату шешімі қабылдаған болатын.



Ұқсас жаңалықтар